К 30-летию Независимости Казахстана | 14 сәуір 15:39

Білімділер бәйгесі

Зияткерлік байқау жанкүйерлері студияда қайта қауышты. Қаражанбас кен орнының вахталық кентінде «Не? Қайда? Қашан?» танымал телевизиялық ойынының тағы бір кезеңі өтті. Бұл жолы білгірлер үстеліне әр түрлі цехтардан келген геологтар тобы жайғасып, көрермендермен ой жарыстырды.

Қатысушыларға өндірістік басқарма директоры Махамбет Елеусінов пен жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасар Орынбек Тарғынов сәттілік тілеп, сайыс барысында қолдау көрсетті. Ойыншыларға геология, тарих, философия, география, спорт, медицина және басқа да салаларға қатысты терең білімді талап ететін 13 сұрақ қойылды.

«Сұрақтардың әрқайсысы қызу пікірталас тудырып, күрделілігімен ерекшеленді. Әсіресе студияға ішіне сұрақ жасырылған жәшік әкелген сәт ерекше қызық болды. Мұндай шаралар жастардың зияткерлік қабілетін арттырып, мұнай-газ саласының нақты бағыттарын дәріптейді», – деп атап өтті ойыншылар.

 

Ойын барысында мұнайшылар білімін сынап қана қоймай, топпен жұмыс істеуді, әріптестерінің пікірін тыңдауды, салмақты шешім қабылдау мен өз жауабын дәлелдеуді үйренеді. Осылайша, тартысты жарыста 6:5 есебімен геологтар командасы жеңіске жетті. Оларға ақшалай және естелік сыйлықтар табыс етілді.