Атай кету керек, темір жолда вакцинация бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілгені маңызды. Бүкіл ел бойынша магистраль қызметкерлері «Сovid-19-ға қарсы вакцина» тақырыбында дәрігерлермен болатын онлайн-кездесулерге қатысады. Әдетте, вакцинация өндірістен қол үзбей, депо мен станцияларда жұмыс істейтін медициналық кабинеттер негізінде жүргізіледі.
Бұл ретте қызметкерлерді егу алдында әрдайым терапевт дәрігер тексеру жүргізеді және вакцина алу мүмкіндігін анықтайды.
Өңірлер бойынша алдыңғы бестікте Көкшетау, Қызылорда, Тараз, Шымкент және Іле темір жол учаскелері тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram