Кездесу барысында «KTZ Express» АҚ және Yuxinou Қазақстан арқылы 200 контейнерлік пойызды ұйымдастыру және жөнелту туралы келісімге қол қойды, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша жүк көлемі 20 мың ЖФЭ-ден асады.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Yuxinou және ҚТЖ жеткізу мерзімі орта есеппен 14 күнге дейін Чунцин қаласынан Потиге (Грузия) ТХКБ бойынша бірлескен сервис ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың басынан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ Сиань, Цзянсу, Пекин, Чжэнжоу, Чунцин логистикалық платформаларымен Қазақстан аумағы бойынша 3500 транзиттік контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру және жөнелту бойынша уағдаластықтарға қол жеткізді, бұл шамамен 350 мың ЖФЭ құрайды.
Анықтама: Чунцин 2023 жылдың қорытындысы бойынша халқы 32 млн адам, ЖІӨ 440 млрд $ болатын әлемдегі ең ірі қалалардың бірі болып табылады. Мұнда қосылған құны жоғары тауарлардың заманауи технологиялық өндірістері орналасқан. Чунцин-Қытайдан автомобиль экспорты бойынша көшбасшы.
Өз кезегінде, Yuxinou - Чунцин қаласының ең үлкен логистикалық платформасы жылына 2500 астам батыс және шығыс пойыздарын жөнелтеді.