К 30-летию Независимости Казахстана | 14 желтоқсан 09:33

Бірігуден соң өндіріс қалай дамып жатыр?

Кен орнының өндірістік нысандарына жоспарлы жұмыс сапарын жалғастырған «Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы бірқатар өндірістік цехтардың ағымдағы жұмысымен танысты.

Бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев ғылыми-зерттеу жұмыстары цехында және газ цехында болып, осы цех мамандарының компанияның әлеуметтік-қоғамдық өміріне елеулі және белсенді үлесін атап өтті. Сондай-ақ ол ҚБМ-ның өндірістік көрсеткіштеріне тоқталып, интеграциядан кейінгі жобаларға тоқталды.

«Бірігу арқылы, біз жақсы нәтиже көрсетіп, бір үлкен компанияға айналдық. Алайда, шешілмеген мәселелер де болуы мүмкін. Осы мақсатта біз әр өндірістік нысанды аралап, жағдайды өзіміз біліп, көре аламыз. Бір үлкен команда ретінде біз жыл соңында еңбек өнімділігін арттыру үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек», – деп атап өтті басшылық.

Одан соң, ҚБМ Басқармасы материалдық-техникалық жабдықтау базасында, сондай-ақ жылу-сумен жабдықтау цехында болды. Ондағы жұмыспен танысқан соң, жабдықтарды өндіру, жинақтау және сапасы бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды. Осылайша, ҚБМ басшылығы кестеге сәйкес барлық өндірістік нысандарды аралай отырып, екінші вахталық ауысым жұмысшылармен пікір және ұсыныс алмасты.