Бұл ретте транзиттік тасымалдағы өсім сегменті контейнерлермен жүк тасымалдау болып қалып отыр. Контейнерлік тасымал 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63% артты және 244 ЖФБ құрады.
Контейнерлік тасымал барлық бағыт: Қытай/Азия-Еуропа-Қытай/Азия – 160,3 мың ЖФБ (2020 жылға+110%); Қытай – Орталық Азия елдері – Қытай – 56, з ЖФБ (2020 жылға +36%); ТХКМ – 36 мың ЖФБ (2020 жылға 217%); Қытай – Иран – Қытай – 1,5 мың ЖФБ (2020 жылға +42%) бойынша өскендігін көрсетіп отыр.
2021 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша контейнерлік емес транзит 2020 жылдың 1 тоқсанына қарағанда 18% төмендеді. Төмендеу Ресейден Қытайға темір рудасын және Ресейден Орталық Азия елдеріне қара метал тасымалдаудың төмендеуінен орын алды.