К 30-летию Независимости Казахстана | 03 мамыр 08:18

Бірлік күніндегі білім бәсекесі

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қаражанбас кен орнында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік сайысы өтті.

Білім бәсекесінде мұнайшылардан құралған білгірлер командасы көрермендер тобына қарсы ойнады.

Ереже бойынша қатысушыларға 13 сұрақ берілді. Олардың арасында түрлі сала мамандары жолдаған қазақтың салт-дәстүрін қамититын және логикалық бейне сұрақтар да бар. Ойыншылар әр сауалға 1 минут ішінде жауап беріп, түйсік арқылы «қара жәшікке» не жасырылғанын да дәл тапты.

 

Тартысты ойын нәтижесінде қаражанбастықтар сұрақ қоюшы тараптан 8:5 есебімен басым түсті. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтары табыс етілді.