2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке табыс салығынан, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) аударылатын міндетті зейнетақы жарналарынан, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) міндетті әлеуметтік аударымдардан және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) аударылатын әлеуметтік жарналардан тұратын Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілетін болады.
Бұл – жалақы және (немесе) табыс табу мақсатында қызметін жүзеге асыратын, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын, жұмыс істейтін, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін, жеке тұлғалар тұтынуына өзінің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған ауыл шаруашылық өнімдерін (акциздік өнімдерден басқасы) өткізетін жеке тұлғаларға ғана қатысты.
Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу дегеніміз – олардың қызметінің бастамасын автоматты түрде тіркелгенін, ал төлемнің тоқтатылуы – қызметтің тоқтатылғанын білдіретін болады. Бұл төлем тіркелу мен салық есептілігінің ұсынылуын көздемейді.
Бірыңғай жиынтық төлемді айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінен, қала тұрғындары үшін 1 АЕК (2019 жылы -2 525 теңге) және ауылды елдімекендердің тұрғындарына (тұрғылықты жері бойынша тіркемесіне сәйкес) 0,5 АЕК көлемінде есептелетін болады. Бұл ретте, 0,5 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің сомасын нақтылай аудару қажет.
Бірыңғай жиынтық төлем:
10% жеке табыс салығы; 30% БЖЗҚ-ға аударылатын зейнетақы жарналары; 40% ӘМСҚ-ға аударылатын аударым; 20 % МӘСҚ-ға әлеуметтік аударым үлесінен тұратын болады.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі БЖТ үшін төлемдерді белгілеу кодтарын (бірыңғай жиынтық төлемді төлеген кезде 183 ТБК және қате аударылған/есепке жатқызылған бірыңғай жиынтық төлем сомасын төлеген кезде 184 ТБК) бөлгенін хабарлаймыз. МТ 102 форматындағы төлем хабарламаларындағы «OPV» жиегінде (төлем бөлігінің 70 жиегі) «G» әрпі болады.
Атауы
Жаңа деректемелер
Бенефициар
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Бенефициар банкі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Бенефициар БСН
БСН 160440007161
Бенефициар БСК
БСК GCVPKZ2A
Бенефициар ЖСК
KZ47009ESP0163609911
Наименование
Новые реквизиты
Бенефициар
НАО Государственная корпорация «Правительство для граждан»
Банк бенефициара
НАО Государственная корпорация «Правительство для граждан»
БИН бенефициара
БИН 160440007161
БИК бенефициара
БИК GCVPKZ2A
ИИК бенефициара
KZ47009ESP0163609911