Биылдыққа негізінен Түркістан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау бөлімшелерінің магистральдық желілерін бүтіндеп шығу көзделіп отыр. Түркістан облысындағы қызу жұмысқа ақпарат құралдарының өкілдері де куә болды. Журналистер Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Шағыр–Талдықұдық аралығындағы шойын жолдың қалай жөнделіп жатқанын өз көздерімен көріп, бұл шаруаның қыр-сырына қанықты.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол магистралдерін жоспарлы түрде жыл сайын жөндеуден өткізіп тұрады. Бұл қарекет ең әуелі қауіпсіздікті сақтау үшін қажет.