Ел ішінде темір жол көлігімен шамамен 140 млн тонна тасымалданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2% жоғары. Экспортқа 73,7 млн тонна жөнелтілді. Тас көмірдің 83,1 млн тоннадан астамы тиелді. Оның ішінде республика бойынша тиелгені - 58,9 млн тонна. Қатты отын экспорттық жөнелтілімдері 24,2 млн тоннаға жетті.
7,9 млн тонна астық тиелсе, оның ішінде экспортқа 6 млн тонна тасымалданды. Ел ішінде астық тасымалдау 11,7%, яғни 1,9 млн тоннаға дейін өсті. Ұнтақ өнімдерін тиеу 2,3 млн тоннаны құраса, оның ішінде экспортқа 1,7 млн тоннасы тасымалданды.
10 айда мұнай жүктерін тиеу 2,3%-ке, 16 млн тоннаға дейін, қара металдарды тиеу 3%-ке, 3,7 млн тоннаға дейін, темір кені мен марганец тиеу 1,4%-ке, 17,6 млн тоннаға дейін, түсті кен тиеу 9,8%-ке, 20,6 млн тоннаға дейін ұлғайды.
Қазан айында жалпы тиеу 23,6 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3% жоғары. Өткен жылғы астық тасымалдау деңгейіне қарағанда биылғы көрсеткіш 29,2%-ке, 1,2 млн тоннаға дейін, тас көмір 1,1%-ке, 9,8 млн тоннаға дейін өсті.