Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде темір жол төсемін жаңғырту оңтүстік-батыс өңіріндегі топырақ қабатының еруімен басталды. Жылынуына қарай елдің орталық, батыс, шығыс және солтүстік аймақтарында жалғасады.
Атап айтқанда, Петропавл – Шу, Астана – Тобыл – Қостанай, Лисаков-Арыстансор, Бескөл – Жезқазған – Ақсарай, Матай – Жаңа-Семей – Павлодар, Шу – Сексеуіл – Маңғыстау, Илецк-1 – Орал учаскелерінде жолдарды күрделі жөндеу жүргізіледі.
Жол жұмыстарын атқару кезінде жол машиналары, моторлы платформалар, рельсшпалдық торларды тасымалдауға арналған платформалар, түзету-қағу-өңдеу машиналары, электробаластерлер, жол тегістеу машиналары, хоппер-мөлшерлегіш айналмашықтар және басқа да техникалар пайдаланылатын болады.
Күрделі жөндеу жолдың жоғарғы құрылысының техникалық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ жөнделген учаскелерде жолаушылар пойыздарының қозғалыс жылдамдығын 140 км/сағ дейін, жүк пойыздарының қозғалыс жылдамдығын 90 км/сағ дейін арттыруға мүмкіндік береді.
2020 жылы теміржолшылар 416 км жолды күрделі жөндеуден өткізді.