К 30-летию Независимости Казахстана | 09 сәуір 15:01

Биыл Ақтау порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеу 14 пайызға өсті

2024 жылдың бірінші тоқсанында Ақтау теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 1,1 млн тоннадан асты, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңі көрсеткішінен 14% жоғары.

Портта 24 мың тонна астық пен 20 мың тоннадан астам мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиелді.

«Теңіз айлағы 7,4 мыңнан астам жиырма футтық эквивалентте (ЖФЭ) контейнерді өңдеді, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 33% көп. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша 6,4 мыңнан астам ЖФЭ бар. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 85%-ға өсті», деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.