К 30-летию Независимости Казахстана | 09 қыркүйек 13:48

Биыл Бурабай курортына 187 мыңнан астам жолаушы жеткізілді

Осы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ электропойыздарымен Бурабай курортына 187 мыңнан астам жолаушы жеткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46%-ға артық. 

Жазғы маусымда Бурабай курортына жеткізілген жолаушылар саны 150 мыңнан асты. Одан бөлек балаларға арналған лагерлерге 1 900 бала жеткізілді.

Биыл Ұлттық тасымалдаушы Астана-Бурабай курорт бағыты бойынша жүретін жоғары жылдамдықты электропойыздың жол жүру уақытын 2,5 сағатқа дейін қысқартты. Электропойыздың қозғалыс кестесіндегі уақыттың қысқаруы жолаушылар тарапынан оң пікірге ие болды.

 

Жазғы кезеңде №7509/7510 «Павлодар-Астана» жүйрік электропойызының бағыты Көкшетауға дейін ұзартылып, Бурабай курорты станциясында аялдауы жолаушылар ағынын арттырды.

Күн сайын Бурабай бағыты бойынша №6829/6830 «Астана-Көкшетау» электропойызы қатынайды. Сонымен қатар Нұрлы Жол вокзалынан №7507/7508 «Астана-Көкшетау» электропойызы жөнелтіледі.

Билеттерді bilet.railways.kz сайтында және «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол вокзалдарының кассаларында 10 күннен 1 тәулікке дейін сатып алуға болады.