Жиында жазғы жолаушылар тасымалына дайындық, электронды билеттерді сату жүйесінің ерекшеліктері, атап айтқанда, Алакөл курорттық аймағы бағытындағы билеттерді сату жағдайы және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
Бүгінде Алакөл курорттық аймағы бағытындағы билеттерге деген жоғары сұранысты қанағаттандыру үшін тіркеме вагондардың саны арттырылған, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан қосымша пойыздар іске қосылған.
Биыл Алакөлге барлығы 10 пойыз қатынайды (7 – «Жолаушылар тасымалы» АҚ, 3 – жеке тасымалдаушылар).
«Өткен жылмен салыстырғанда Алакөл бағытына ұсынылып отырған орындар саны 90%-ға ұлғайды», – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Қанат Әлмағамбетов.