К 30-летию Независимости Казахстана | 02 қазан 10:14

Биыл «Жолаушылар тасымалы» АҚ 10 миллионға жуық адамды тасымалдады

Жыл басынан бері «Жолаушылар тасымалы» АҚ тасымалдаған жолаушылар саны 9 млн. 300 мыңнан астамды құрады, оның ішінде жазғы кезеңде 4 млн. жолаушы. Жазғы уақытта жолаушылар үшін тартымды бағыттар Алматы, Ақтау, Астана, Түркістан, Шымкент, Балқаш, Алакөл болды.

Айта кету керек, Алакөл курорттық көліне теміржол көлігімен сапарлау  жыл сайын танымал болып келеді. Егер өткен жылы 240 мың жолаушы  тасымалданса, биыл бұл көрсеткіш 254 мыңға жуық. 2023 жылы Алакөл бағытында 11 жолаушылар пойызы жүрсе, соның тоғызы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ тиесілі, қалған екеуі – жеке тасымалдаушылар. Биыл алғаш рет елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін Тальго жайлы пойызымен «Астана – Достық» жазғы бағыты ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, bilet.railways.kz сайтында және билет кассаларында билеттерді іздеу үшін күту парағы тегін қызметін пайдалануға болады. Ағымдағы жылы бұл қызметті 145 мың жолаушы пайдаланды, оның ішінде жазғы маусымда 104 мың жолаушы.

 

Жолаушылар анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Телеграмм боты арқылы ала алады.