«2021 жылы отын-энергетика кешені көрсеткіштеріне қол жеткізу келесі жобалар мен бастамалар арқылы қамтамасыз етіледі. Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасында газды кері айдау 4-ші компрессорының жобасы аяқталуда. Бұл өз кезегінде сұйық өнімді өндіруді жылына 11-12 млн тонна деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді», – деді министр.
Оның атап өтуінше, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын тұрақты мұнаймен қамтамасыз етуге бағытталған, өткізу мүмкіншілігі жылына 6 млн тоннаға дейін болатын «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсі пайдалануға беріледі.
«Сонымен қатар, биыл мұнай өнімдерін биржалық саудаға кезең-кезеңмен шығару жоспарлануда, бұл мұнай өнімдеріне әділ және ашық баға белгілеуді қамтамасыз етеді», – деді Нұрлан Ноғаев.