К 30-летию Независимости Казахстана | 23 тамыз 15:41

Биыл Қорғас бақылау-өткізу пункті арқылы 10 мыңнан астам Қытай-Еуропа жүк пойызы өтті

Бұл көрсеткіш жылдық негізде 9 пайызға артып отыр.

Осы жылдың басынан бері Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (Қытайдың солтүстік-батысында) орналасқан «Қорғас» және «Алашанькоу» теміржол бекеттері арқылы Қытай-Еуропа бағыты бойынша 10 мыңнан астам жүк пойызы өтті.  Бұл туралы China Railway Urumchi Bureau Group Co. Ltd мәлімдеді.

Компанияның хабарлауынша, бұл көрсеткіш жылдық негізде 9 пайызға артып отыр.

Қазіргі уақытта «Алашанькоу» өткізу пункті арқылы Қытай-Еуропа халықаралық теміржол жүк тасымалы аясында оны әлемнің 21 елі мен аймағымен байланыстыратын 120 бағыт, ал «Қорғас» бақылау-өткізу бекеті арқылы осыған ұқсас 85 бағыт бар.