2022 жылдың соңына дейін бағыттамалы бұрмалардың 610 кешені ауыстырылатын болады. Бұл жолдың жоғарғы құрылысының қызмет ету мерзімін ұлғайтуға және ағымдағы күтіп-ұстауға жұмсалатын пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Жаңа бағыттамалы бұрмаларды салу бойынша жұмыстар механикаландыру құралдарын: жол дистанциясының жүк дрезиналарын, қалпына келтіру пойыздарының темір жол крандарын және DESEС мамандандырылған машинасын қолдана отырып орындалады.
- Арнайы DESEС машинасын қолдану еңбек өнімділігін арттырып, бағыттамалы бұрмаларды ауыстыру уақытын және жұмыс өндірісі үшін технологиялық «терезелер» санын айтарлықтай азайтады. Бұл тартылған персоналдың санын және қол еңбегінің үлесін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, электрлендірілген желілерде байланыс желісін ажыратпастан жұмыстарды орындауға болады, - деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жол және құрылыстар департаментінің бас менеджері Үсембай Оңлабаев.