«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС флотының флагмандары болып саналатын Aframax үлгісіндегі «Алтай» және «Алатау» мұнай құю танкерлері Қазақстан мұнайының әлем нарықтарына тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етеді. 2
025 жылдың он айының қорытындысы бойынша «Алтай» танкері 1 млн 295 мың тоннадан аса мұнай тасымалдап, өткен жылдың осындай кезеңдегі көрсеткіштен (1 млн 184 мың тонна) асып түсті.
Өз кезегінде, «Алатау» кемесі де 2024 жылдағы 1 млн 222 мың тоннамен салыстырғанда өсім көрсетті — 1 млн 283 мың тоннадан астам.
2011 жылы пайдалануға берілген сәттен бастап екі танкер 100 млн тоннадан аса мұнай тасымалдады. Осылайша, ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны — ҚТКФ ұлттық теңіз тасымалдаушысы еліміздің халықаралық нарықтарға сенімді жеткізуші ретіндегі рөлін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.