К 30-летию Независимости Казахстана | 20 қараша 07:35

«Біз – шахтерлердің баласымыз». Балалар шығармашылығы байқауы

«Богатырь Көмір» компаниясы «Богатырь» кенішінің 50 жылдығына орай кәсіпорын қызметкерлері балаларына арналған «Біз – шахтерлердің баласымыз» инста-конкурс ұйымдастыруда.

Оған 6-14 жастағы балалар қатыса алады. Әрбір қатысушы бір суреттен ғана ұсына алады.

Байқау шарттары:

жеке аккаунтта байқау анонсын жасау (аккаунт байқаудың қазылар алқасына ашық болуы тиіс); 19-26 қараша аралығында жеке аккаунтта жұмыс суретін орналастыру; @bogatyr.kz аккаунтына сілтеме жасап, #МыдетиШахтеров хэштег қою; фотосуретті және келесі жеке деректерді 8 747 808 39 98 WhatsApp нөміріне жолдау: «Богатырь Көмір» құрылымдық бөлімшесі және лауазымы көрсетілген қатысушының, оның ата-анасының аты-жөні.

Жеңімпаздар қазылар алқасының шешімімен анықталады. Байқау қорытындысы 27 қарашада шығады. Суреттер @bogatyr.kz. корпоративтік аккаунттарына орналастырылатын бірыңғай роликке енеді.