К 30-летию Независимости Казахстана | 27 қазан 09:20

Богатырь балалары робоспорт чемпионатында үздік нәтижелер көрсетті

Шымкент қаласында «ROBO.KZ-2022» робоспорт бойынша ашық чемпионат өтті.

Байқауға Қазақстанның түрлі қалаларынан барлығы 80 команда келді. Оған Екібастұздан компания қызметкерлерінің балалары да қатысты. Декреттік демалыстағы ТЖЖЖД вагон-жөндеу цехының инженер-технологы, тренер Әсел Смағұлова «RoboPark Ekibastuz» клубын басқарып, оның жетекшілігімен балалар жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. 

«Роботты жина» robokids санатында 3 орынды Мирон Ефимцев пен Кирилл Матасов иеленсе, биатлон санатында 1 орынды Артем Усевич пен Асанәлі Қуандықов жеңіп алды.

 

«Богатырь Көмір» компаниясы кәсіпорын ішінде іс-шаралар өткізу арқылы қызметкерлер балаларының шығармашылығын қолдайды және олардың қалалық үйірмелерде жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Бұл жолы олар чемпионатқа сапар ұйымдастыруда демеушілік көмек көрсетті.