К 30-летию Независимости Казахстана | 07 шілде 10:12

«Богатырь Көмір» екпе алған қызметкерлер арасында ұтыс ойынын өткізеді

Covid-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсынан өткен серіктестік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері үшін «Березка» демалыс үйіне демалыс күні жолдамаларының ұтыс ойыны өткізіледі.

Ұтыс @bogatyrfm Instagram-аккаунтының тікелей эфирінде сағат 14.00-де көрсетіледі. Ұтыс ойынында жеңіске жеткен қызметкерлердің жақындарының балалары үшін тегін жолдама беріледі.

Компанияның баспас қызметі күн сайынғы демалыс күні жолдамаларының ұтыс ойынына қатысу үшін келесі қажет екенін еске салады:

ұтыс ойыны өткізгенге дейін 2 күн қалғанда қызметкердің және отбасы мүшелерінің (жұбайы/зайыбы) табельдік нөмірі мен құрылымдық бөлімшесін, телефон нөмірін көрсете отырып вакциналау паспортын (скрин – экран фотосы) +7 777 618 63 18 WhatsApp-нөміріне жіберу (хабарлама үшін ғана, қоңыраулар қабылданбайды); келесі Instagram-парақшасына жазылу: @bogatyr.kz; @bogatyrfm; @too_bk_omd; @directsiya_po_personalu.

Қатысу үшін толық емес және сапасыз құжаттарды берген жағдайда қызметкер ұтыс ойынына қатыспайды. Вакциналау паспортын алу 21 күнді алатынын есте ұстаған жөн.