К 30-летию Независимости Казахстана | 14 июля 11:48

«Богатырь Көмір» көмір жөнелту бойынша тарихи рекорд орнатты

2026 жылдың маусым айында кәсіпорын тарихи ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді: тұтынушыларға 3,4 млн тонна көмір жөнелтілді. Айлық жоспар 123,6%-ға орындалды. Бұл – кәсіпорын тарихындағы маусым айындағы ең жоғары нәтиже.

Қол жеткізілген көрсеткіш ұжымның жоғары кәсібилігі мен қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болды. Кәсіпорын тұтынушыларды көмірмен тұрақты қамтамасыз етіп, еліміздің энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне және энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.

Жалпы, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Богатырь Көмір» ЖШС тұтынушыларға 22,3 млн тоннадан астам көмір өткізді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға жоғары көрсеткіш.