Оның назарында үш автоцех – № 1, 2, 3 АТЦ, сондай-ақ автомобиль көлігі учаскесіндегі барлық электр жабдықтары жұмыс істейді. Жауапкершілік зор, бірақ экстра-класс маманы Бекмұхамбет үшін үйреншікті. Өйткені, автобазаға келгенге дейін ол «Қазақстан Темір Жолы» АҚ темір жолдары жүйесінде, ал одан бұрын Екібастұз МАЭС-1-де үлкен өндіріс мектебінен өткен. Компанияға ол автобазаның сол кездегі директоры Юрий Бауэрдің шақыруымен келген болатын.
«Біздің мамандығымыз өте қызықты және алуан түрлі, – дейді Бекмұхамбет Ұзықанов. – Мен мұнда төмендеткіш трансформатордан бастап фрезерлік және токарлық станоктарға дейін, біздің жігіттер жұмыс істейтін барлық электр жабдықтарына қызмет көрсетемін. Электр жабдықтарын білу үй шаруашылығында да өте пайдалы».