К 30-летию Независимости Казахстана | 26 сәуір 16:11

Болашақ мұнайшыларға бағдар

Мұнай-химия саласының жас сарапшысы болашақ мұнайшылармен тәжірибесін бөлісті. «Қаражанбасмұнай» АҚ Ғылыми зерттеу өндірістік жұмыстары цехының басшысы Айдын Қожаш Yessenov университеті «Мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының студенттеріне шеберлік сағатын өтті.

Дәріс барысында мұнай кен орындарының негізгі объектілерін автоматтандыру мен цифрландыру қадамдары түсіндірілді. Сондай-ақ ұңғыманы тиімді пайдалану әдістері, қабат сұйықтықтарының қасиеттері мен мұнай игеру кезіндегі өндірістік процестер туралы айтылды.

«Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Сондықтан олар өз саласының қыр-сырын жетік меңгеріп, теорияда да, тәжірибеде де мықты болуы шарт. Болашақ мұнайшылардың мамандығына деген қызығушылығы жоғары. Біз де оларға көрген-білгенімізді үйретіп, бағдар беріп жүргенімізге қуаныштымыз», – деді Айдын Қожаш.

 

Айта кетейік, ҚБМ болашақ өндіріс мамандарының теория мен тәжірибені тең меңгеруіне зор мүмкіндік – тәжірибеге бағытталған оқыту жобасын сәтті жалғастырып келеді. Қазір аталмыш университет пен Түпқараған ауданындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері Қаражанбас кен орнында тәжірибеден өтіп жатыр. Сондай-ақ компанияның жас мамандары вахтааралық демалыс кезінде университет студенттеріне дәріс оқиды.