К 30-летию Независимости Казахстана | 28 қазан 16:30

Болашақ теміржолшылар депо мұражайында болды

Тараз көлік және коммуникация колледжінде «Қыран елім – Қазақстаным!» акциясы бастау алды.

Болашақ теміржолшылар сапқа тұрып Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталған мерекелік шаралар легі бір аптаға созылмақ. Соның ішінде акцияның екінші күні болашағын темір жолмен байланыстырғысы келетін жас буынның «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл филиалына қарасты Жамбыл локомотив пайдалану депосының мұражайында болып, ондағы жәдігерлермен танысуы – мазмұнды әрі тағылымды шара болғаны анық. Мұражай меңгерушісі Венера Бүкенова студенттерді музейдегі әрбір экспонаттың тарихымен таныстырып, олардың қызығушылығын тудырған жәдігерлерге қатысты жан-жақты түсінік берді.

«Акция аясында болашақ теміржолшыларға Тәуелсіз Қазақстанның темір жолын құрған аға буынның ерен еңбегін насихаттаумен қатар олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, отансүйгіштікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеуді мақсат тұтамыз», – дейді Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің директоры Ұлжан Кенжебекова.  

Ерман Әбдиев

Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»