Кәсіптік бағдар беру жұмыстары «Нұрлы жол» вокзал кешенінде, ҚТЖ оқу орталығында және Қазақстанның орталық теміржол көлігі мұражайында жүргізілді. Балаларға мамандықтың қыр-сыры туралы айтылып, темір жол – бұл үлкен тірі организм, көптеген қызметтер мен бөлімшелердің өзара іс-қимылы екені көрсетілді.
Мұражайда саланың даму кезеңдері көрсетілген, өткен ғасырдың теміржолшылары пайдаланған бірегей экспонаттар, аспаптар мен техника ұсынылған. Балалар елордалық «Нұрлы жол» вокзал кешеніне барып, теміржолдағы жұмыстың қыр-сырына тереңірек үңіле алды.
ҚТЖ оқу орталығында тепловоз қозғалтқышының, турбокомпрессорлардың жұмысы, цилиндрдің жұмыс істеу принципі көрсетілді. Жасөспірімдер тепловоз бен электровоз кабиналары сияқты жарақтандырылған арнайы тренажерларда пойыз жүргізушісі ретінде өздерін сынап көре алды.
Сондай-ақ, балаларға теміржолдағы қауіпсіздік техникасы туралы айтылып, теміржол көлігі жоғары қауіптің көзі екені еске салынып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.