Келісім шеңберінде тараптар француз және қазақстандық компанияларға бірлесіп инвестиция салуға, Қазақстандағы жобаларды іске асыруға француз компанияларын тартуға және Францияда қазақстандық бизнестің қатысуын кеңейтуге ықпал етуге ниетті.
Bpifrance – 2013 жылы құрылған француздық егеменді қор және инвестициялық банкі, оның акционері Франция Үкіметі болып табылады.
Келісім шеңберіндегі серіктестік келесі салаларда 10 млн еуродан бастап 40 млн еуроға дейін миноритарлық инвестициялары бар шағын, орта және орта компанияларға бағытталған.
өңдеу өнеркәсібі; машина жасау; ЖЭК және жасыл технологиялар; ауыл шаруашылығы; логистика; білім беру; денсаулық сақтау.«Bpifranceпен серіктестік ең үздік әлемдік тәжірибелерді тартуға мүмкіндік береді. Біз Қазақстандағы және халықаралық нарықтардағы түрлі мүмкіндіктерге ұзақ мерзімді инвестициялық көкжиекпен бірлескен инвестициялар арқылы ұзақ мерзімді қарым – қатынастарға мүдделіміз», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі, логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Басқарушы директор Ержан Тұтқышев.
Өз кезегінде, Bpifrance бас директоры Қордың стратегиялық серіктестер қатарына қосылуын оң бағалады.
«Біз Самұрық-Қазынамен бірлесіп инвестициялаудың жаңа платформасын іске қосуды қолдаймыз, ол бізге ауыл шаруашылығы ресурстарын қоса алғанда, бай табиғи ресурстарға ие Азия, Ресей және Еуропа қиылысындағы Қазақстан мен Орталық Азия ұсынған көптеген мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтылған француз компанияларын бірлесіп қолдауға мүмкіндік береді. Біз осы серіктестікті еліміз арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды құру құралы ретінде егеменді әл-ауқат қорларымен осындай әріптестікті дамытуды жалғастыруға бел будық», – деп түсіндірді Bpifrance халықаралық істер жөніндегі атқарушы директоры Паскаль Лагард.