К 30-летию Независимости Казахстана | 08 маусым 12:24

Brent мұнайының бағасы 120 доллардан асты

АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қорының 3 маусымға дейін 1,845 миллион баррельге жеткен.

Эталон сұрыпты мұнай бағасы көтерілуде, деп хабарлады inbusiness.kz. Cауда-саттық нәтижесі бойынша, бұған сұраныстың артуы себеп болып отыр. Өйткені жаз мезігілінде көлік қозғалысы айтарлықтай артады. 

Ресми дерей бойынша, Brent сұрыпты мұнайдың тамыздағы фьючерстерінің бағасы 0,3%-ға өсіп, 120,93 доллар болды. WTI сұрыпты мұнайының шілдедегі фьючерстері 0,4%-ға қымбаттап, қазір бір 119,89 долларға саудаланып жатыр.

Америкалық мұнай институтының (API) мәліметі бойынша, АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қорының 3 маусымға дейін 1,845 миллион баррельге жеткен. Мамандар бұл көрсеткіш 1,8 миллион баррельге дейін төмендейді деп топшылаған болатын.