«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның №47/48 Атырау – Астана, №83/84 Қарағанды – Самара, №105/106 Алматы – Петропавл, №113/114 Алматы – Қазан, №139/140 Павлодар – Пресногорьковская, 145/146 Қарағанды – Омбы, №623/624 Астана – Петропавл пойыздарымен келетін саяхатшылар «Бурабай бойынша трансфер» қызметін пайдалана алады және курорттық орындарға дейін белгіленген бағамен жүру мүмкіндігіне ие болады.
Жол жүру қызметінің құны – электр автобустағы орын үшін 500 теңге және электротаксидегі салон үшін 2000 теңге.
Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін электр көлігі Бурабай курорты станциясының вокзал маңындағы алаңында күтеді. Қызметті пайдалану үшін жолаушыға пойыз жолындағы QR кодын сканерлеу, диспетчерге қажетті мекен-жайды хабарлау және қызметке ақы төлеу жеткілікті. Сондай ақ қызметті Evrik.kz сайтынан алдын ала сатып алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, ел халқының көліктік ұтқырлығын жақсарту үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ жыл басынан бері «Интермодальдық тасымалдар» жобасын дамыту шеңберінде пилоттық режимде жол жүру қызметінің бес түрін: «пойыз-пойыз», «пойыз-такси», «пойыз-автобус», «пойыз-автобус-ұшақ», «электр пойыз-электроавто» жобасын іске қосты.