«Самұрық-Энерго» АҚ энергия ресурстарына ұқыптылықпен және үнемділікпен қарау тақырыбының қаншалықты өзекті әрі маңызды екенін жақсы түсінеді. Компанияда Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы әзірленіп, жұмыс істеуде. Оның мақсаты – энергия тұтынуды азайту және отын-энергетика ресурстарын тиімсіз пайдалануды қысқарту арқылы энергия шығынын азайтуға жағдай жасау.
Осы Бағдарлама аясында 2020 жылғы 9 айда түрлі сипаттағы 45 іс-шара орындалып, соның нәтижесінде 1,7 млрд теңге болатын 296 мың тонна шартты отын үнемделді. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары тобында энергетикалық тиімділікті арттыруға қаратылған шараларды іске асыру электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға және шартты отынның үлестік шығынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.
Мәселен, Екібастұз ГРЭС-1-де қазандық агрегаттардың газды ауа трактын пайдалану режимін жақсарту агрегаттардың ПЖК-ін ұлғайтуға, отынның үлестік шығынын 2,6 т.ш.о./кВт*сағатқа азайтуға әкеп соқтырды, бұл орайда 68 372,9 тонна табиғи отын көлеміндегі көмірді үнемдеу түрінде оң нәтиже алынды, ақшаға шаққанда бұл 182,5 млн теңгені құрады.
Екібастұз ГРЭС-2-дегі отын жеткізу жүйесінде жұмыс істеп тұрған ұнтақтағыш балғалардың санын оңтайландыру жөніндегі жаңашылдық ұсынысты енгізу арқасында көлемі 986 мың кВт*сағат электр энергиясын үнемдеу түріндегі оң нәтиже алынды, ақшаға шаққанды бұл 4,5 млн теңгені құрады.
Энергия үнемдеу негізгі мақсаттарға жатқызылғанын ескере отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары тобына қарасты, энергия көп жұмсалатын кәсіпорындар мен станциялардың бәрінде мамандандырылған аккредиттелген ұйымдардың қатысуымен энергия аудиттері өткізіліп тұрады.
Халықаралық энергия үнемдеу күніне орай «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің барлық қызметкерлерін құттықтап, отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану ісіне қосып отырған үлесі үшін алғыс білдірді. Ел экономикасын өркендету, энергия үнемдеу және экологияны қорғау жолындағы елеулі еңбегі үшін «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның, «Богатырь Көмір» ЖШС-ның, «Алматы электр станциялары» АҚ-ның, «Мойнақ СЭС» АҚ-ның, «Шардара СЭС» АҚ-ның, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның қызметкерлері бағалы сыйлықтармен атап өтілді.