«Бұрғылау» ЖШС ұжымы қасиетті Құрбан айт мерекесінде жалғыз өзі үш баланы тәрбиелеп отырған ананың отбасына үй сыйлады.
Компанияда барлығы 2 500-ден астам жұмысшы қызмет етеді. Бұл игілікті іске олардың 1700-ден астамы өз үлесін қосқан. Қайырымдылық шарасының бастамашыларының айтуынша, қызметкерлер айына өз мүмкіндігінше 1 000, 2 000, 3 000 теңгеден ақша жинау арқылы осымен екінші рет баспана сатып алып, оны мұқтаж отбасына тарту етіп отыр.
Отбасына жаңа баспананың кілті осы шаңырақтың астында табыс етілді. Бұл сыйдан бейхабар ана мен балалары қатар келген таңданыс пен қуанышын жасыра алмай, жомарт ағаларға алғысын білдірді.