Осылайша, "Smart сity (ақылды қала)" жобасы Арыс және Түркістан қалаларын сервистік үлгі бойынша дамытуға арналған. Осы бағдарлама аясында Қор Түркістан облысындағы 97 мектеп пен ауруханаға дейін талшықты-оптиалық байланыс желісін және радиожелі салуды және Арыс қаласындағы 12 мектепте, 2 ауруханада, 2 балабақшада 400 бейнебақылау камерасын және 50 wi-fi нүктесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
"Қазіргі таңда Түркістандағы Қор компанияларында 19 мыңнан аса қызметкерлері бар 20 кәсіпорын мен филиал жұмыс істейді. Электроэнеретика, газ, пошта, ақпараттық коммуникация және экономиканың басқа да салалары бойынша Қор бірнеше жобаларды жүзеге асыруда",- деді Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.
Айта кету керек, Қор Арыс қаласын қалпына келтіруге белсене қатысты. Қор Арыс қаласында әлеуметтік инфрақұрылымның 68 нысанын қалпына келтірді, оның ішінде 16 мектеп, 36 балабақша, 8 денсаулық сақтау нысаны, 4 спорт нысаны, колледж, теміржол вокзалы, Даңқ аллеясы және орталық алаң бар.
Бұдан басқа, өңірдегі энергетикалық кешеннің даму тақырыбы сөз болды. Мәселен, қуаты 220кВ жаңа қосалқы станцияның құрылысы күтілуде, оған кернеуі 110 кВ жергілікті тарату электр желісі қосылатын болады.
"Меморандум алдағы уақытта өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізеді деп сенеміз", - деп атап өтті облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев.
Меморандумның басым бөлігі сатып алу мәселесіне, атап айтқанда импорт алмастыру және жергілікті қамтуды дамытуға арналды. Қор ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасу арқылы Түркістан облысында жаңа өндірістерді құруды көздейтін жобаларға қолдау көрсетеді. Әкімдік өз тарапынан жаңа өндірістер құру бойынша жобаларды іріктеуді қамтамасыз етеді, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тәсілі қарастырылады.
Елорда кәсіпкерлеріне Қор тобының сатып алуларына қатысуға жәрдемдесу шеңберінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ өңірдің кәсіпорындарынан тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу көлемінің өсуін және жаңа жұмыс орындарын құруды, инвестицияларды тартуды, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды назарда ұстайды.
Сонымен қатар, тараптар Түркістан облысының әлеуметтік саласының мәселелерін талқылады. Қор сал аурына ұшыраған балаларды оңалту бағыты бойынша әлеуметтік мәселелерді шешуге, инклюзияны қолдау кабинеттерін материалдық-техникалық жарақтандыруға, салауатты өмір салты мен спортты насихаттауға қаржылай жәрдем жасайды. Мәселен, Түркістан қаласындағы амфитеатр, оқушылар сарайы, 7000 орындық стадион, Қожа Ахмет Яссауи атындағы мұражай, Конгресс-холл, "Smart City" жобасы сияқты әлеуметтік нысандарды салуға және байланыс желілерін жүргізуге жалпы 33,6 млрд теңге бөлінді.
Сөз соңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев "Самұрық-Қазына" қорына аймақтың дамуына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.