К 30-летию Независимости Казахстана | 08 желтоқсан 08:16

Caspi Bitum «Парыз» сыйлығына ие болды

7 желтоқсанда Астана қаласының Конгресс-орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

«Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «CASPI BITUM» БК» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Конкурстың құзырлы комиссиясы ұжымдық шартта бекітілген кәсіпорынның еңбек ұжымы алдындағы әлеуметтік міндеттемелердің жоғары деңгейін белгіледі.

Байқаудағы жеңіс марапатын «CASPI BITUM» БК» ЖШС-нің бас директоры Талғат Мұқанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың қолынан қабылдады.