Іс-шараны облыс және қала билігінің өкілдері: Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбай, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Урисбаев және Ақтау қаласының әкімі Әбілкайыр Байпаков қолдады.
Қазақстан Республикасының Президенті атындағы Саябақтың аумағында 130 түп шаған және тал, қарағаш тұқымдас ағаш отырғызылды. Туған жері Ақтауды көгалдандыруға бағытталған экологиялық науқанына зауыттың 100-ден астам жұмыскерлері белсене қатысты.
Жалпы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бекіткен «Таза Қазақстан» экологиялық науқанын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспары аясында «CASPI BITUM» БК» ЖШС жұмыскерлерінің күшімен қаланың әртүрлі аумақтарында тазалықты сақтауға бағытталған 7 күндік сенбілік өткізілді.