Зауыттың баспасөз қызметі хабарлағандай, «ҚазАвтоЖол» АҚ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК және басқа да бірқатар жол ұйымдарының өкілдері техникалық ревью барысында зауыт өндіретін битум өнімінің инновациялық қасиетін атап өтті.
Буып-түйілген (биг-бег – арнайы қаптардағы) битум өзінің физикалық-химиялық қасиеттерін ұзақ сақтап тұрады, себебі арнайы инновациялық қаптама оның қызып кетуін немесе суып кетуін болдырмайды. Ал модификацияланған (полимер қосылған) битум жол сапасын жақсартып, пайдалану мерзімін ұзартады. Зауыт шығаратын битумды күз және қыс мезгілінде жүргізілетін жол-құрылыс жұмыстарында пайдалануға болады. Зауыт өнімі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің, сондай-ақ, еліміздің барлық-дерлік стратегиялық автожолдарының құрылысында қолданылады.
Ашық есік күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан жолдарын сапалы салу үшін отандық жол-құрылыс ұйымдары Ақтау битум зауытымен өзара тиімді ынтымақтастығын жандандыру мақсатында уағдаластыққа қол жеткізді.