Қайырымдылық марафоны - жай ғана спорттық шара емес, бұл ерекше балалардың мектепте білім алуына мүмкіндік беретін нақты көмек құралы.
2023 жылы ұйымдастырылған алғашқы марафонға 1000 адам қатысты. Содан бері жоба қарқынды дамып келеді: осы уақыт ішінде 335 млн теңгеден астам қаражат жиналып, мектептерде инклюзияны қолдау бойынша 15 сынып ашылды. Биыл да марафонға мыңдаған адам жиналмақ.
3 мамырда елорданың Ботаникалық саябағында өтетін шараға 3000-нан астам жүгіруші қатысады деп күтілуде. Бұл жай ғана жарыс емес. Бұл - әр қадам нақты өзгеріске жетелейтін қозғалыс.
Тіркелу samrukmarathon.kz сайтында жүргізіледі және шараға кез келген адам қатыса алады.