К 30-летию Независимости Казахстана | 20 августа 17:02

«Charity Samruk Marathon-нан» түскен қаражат Ақтөбе мен Семейде 15 инклюзия кабинетін ашуға бағытталды

Биыл Ақтөбе мен Семей қалаларындағы мектептерде инклюзияны қолдауға арналған тағы 15 кабинет ашылады. Жобаны «Самұрық-Қазына» компаниялары тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» қоры жүзеге асырады.

Кабинеттердің оны Ақтөбеде, бесеуі Семейде ашылады. Олар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған сабақтар, түзету және психологиялық қолдау көрсетілетін заманауи кеңістіктерге айналады.

Ақтөбеде 500-ден астам бала, Семейде шамамен 300 бала қамтылмақ. Кабинеттерді жөндеуге, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге және мамандарды оқытуға 524 млн теңге бағытталды. Оның ішінде 271 млн теңге төртінші қайырымдылық «Charity Samruk Marathon» аясында жиналды.

 

Жалпы, қордың қатысуымен ел бойынша мектептерде 31 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істеп тұр. Онда жыл сайын 2 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі.