К 30-летию Независимости Казахстана | 30 маусым 11:30

Чехия Еуроодақтың қолдауымен 37 электр пойызына ие болды

Чехияның Оңтүстік Моравия аймағы RegioPanter платформасында Škoda Transportation компаниясы шығарған 36 электр пойызын алды. Төрт вагоннан тұратын соңғы 37-ші пойыз 2023 жылдың соңына дейін жеткізілмек, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жолаушылар құрам паркін жаңарту жобасының құны шамамен 280,7 млн еуроға шыққан. Аталған жоба 2019 жылдың желтоқсанында мақұлданып, ЕО бірігу қорынан 223 млн еуро бөлінген.  

Заманауи жылжымалы құрамдар жолаушы тасымалы ең қарқынды екі аймаққа қызмет көрсетеді. Тапсырыс бойынша төртвагонды 31 электр пойызы (әрқайсында 333 жолаушы орны бар) мен алты еківагонды құрам қамтылған. Сағатына 160 км жылдамдықпен жүруге есептелген бұл пойыздар ETCS еуропалық қозғалысты басқару жүйесінің құрылғыларымен жабдықталған.

Табаны төмен төртвагонды электр пойыздарында велосипедтерге 21 орын, балалар арбасына 6 орын, ал екі вагонды пойыздарда сәйкесінше 9 және 4 орын бар. Оған қоса USB‑порты, тоқ көзі, аялдама, тасымалдау және төтенше жағдайлар туралы ақпаратты көрсететін экрандары бар заманауи ақпараттық жүйе іске қосылған.

Пойыздың тағы бір ерекшелігі пойызда жүрек тоқтаған кезде жолаушының өмірін сақтап қалатын дефибриллятор құрылғысы қойылған.