Бағдарлама Қазақстан жоғарғы оқу орындарындағы бакалавриат бойынша 3,4 курс студенттері мен магистратураның 1,2 курсында оқитын студенттерге Қорға қарасты компанияларда тағылымдамадан өтуге мүкіндік береді. Іріктеу төрт кезеңнен тұрады.
Екінші кезең IT мамандығы бойынша тапсырмалардан тұрады және сәуірдің аяғына дейін жалғасады. Екінші кезеңге білім сапасын бағалауға бағытталған онлайн-тесттен өткен 318 адам қатысады.
Биыл компаниялар тобында 100-ден астам адам тағылымдамадан өте алады. Іріктеу процесінің маңызды талабы – үміткерлерде ақпараттық технологияларға деген қызығушылық және Қор компанияларында ІТ саласының дамуына үлес қосуға деген ниет болуы тиіс.
Тағылымдама 17 шілде мен 29 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Павлодар, Ақтөбе және Атырау қалаларында өтеді.
Еске сала кетсек, былтырғы жылдың қорытындысы бағдарламаның тиімділігін көрсетті. 2018 жылы 72 жас маман Қор компанияларында тағылымдамадан өтіп, олардың 33-і жұмысқа тұрды. "Самұрық-Қазына" АҚ 2018 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов жас әрі дарынды мамандарды жұмысқа тартуға мүмкіндік берген "Цифрлық жаз-2018" бағдарламасына оң бағасын берді.