"IT саласындағы технологиялар тез ескіріп, орнын жаңасы басуда екені аян. Сол себепті "Цифрлық жаз" бағдарламасы елдің дарынды жастарына тәжірибе барысында өз білімдерін көрсетуге мүмкіндік береді. Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылы бағдарламаның шарттарының талабы жоғары болды. Дегенмен, 78 тағылымгер өздерінің мықты дағдыларын көрсетті, елдің үздік IT мамандарынан тәжірибелік жұмыс тәжірибесін алды және бәсекеге қабілетті болу үшін озық дүниелерді қалай пайдаланатынын түйсінді. Олардың 11-і Қор компаниялары тобының қатарына қосылды",- деп мәлімдеді "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев.
Ағымдағы жылы, "Цифрлық жаздың" екінші толқыны, IT саласындағы 6 бағытты қамтыды. Сонымен қатар, бағдарламаның жазғы тәжірибесі барысында айына 50 000 теңге мөлшерінде шәкіртақы енгізілді. Тәжірибенің соңғы кезеңі Хакатон форумымен қорытындыланды. Онда, апта ішінде, студенттер белгілі бір бизнес-есептерді шешу мақсатында нақты кейстермен жұмыс істеді.
2019 жылдың 17 маусымы-29 тамыз аралығында жас мамандар мына компанияларда тағылымдамадан өтті: "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "KEGOK" АҚ, "Қазпоша" АҚ, "ҚазТрансАймақ" АҚ, "ҚазТрансГаз" АҚ, "Кселл" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Самұрық-Қазына" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "Эйр Астана" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "QazCloud" ЖШС және "Самұрық-Қазына Бизнес Сервис" ЖШС.
Атап өтерлік жайт, Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов "Цифрлық жаз" бағдарламасына оң бағасын берді. Бұл бағдарламаның бірегей ерекшеліктерінің бірі - SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei ірі агломерат өнімдерімен жұмыс тәжірибесі болып саналады.