К 30-летию Независимости Казахстана | 28 мамыр 14:34

Цифрлық волонтерлік жайында не білесіз?

Виртуалды еріктілік (онлайн еріктілік, кибер еріктілік немесе цифрлық еріктілік) - интернет арқылы қашықтан жүзеге асырылатын волонтерлік қызметтің түрі. Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры өзінің ресми сайтында осы тақырыпта мақала ұсынады.

Виртуалды волонтерлік адами күшке, көмек қолын беруге немесе өз жарнасын жасауға ұмтылатын адамдардардың қызметіне негізделген, сондай-ақ өз уақыты мен дағдыларын бөлісуге дайын жандар осы іспен айналысады. Волонтерлік қызметтің мұндай түрі, әсіресе, кәсіби тәжірибесі немесе өмір салты интернет-ортамен байланысты, көп уақыты монитордың алдында өтетін, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға жақын.

Жалпы ерекшеліктеріне тоқталып өтсек:

1. Мұндай еріктілік сіздің физикалық қатысуыңызды талап етпейді.

2. Онлайн волонтерлік шынайы өмірдегі волонтерлікті жоққа шығармайды, ол шекараларының ұлғаюы есебінен әдеттегі волонтерлікке қолдау көрсетеді.

3. Онлайн волонтерлікпен сізге ыңғайлы болған кезде айналысуға болады және қалаған уақыт пен күш-жігерді соған арнай аласыз.

 4. Бұрын волонтерлік бұрын осы бағытта тәжірибесі болмаған адамдар үшін қызықты болуы мүмкін. Бірақ сандық технологияларды жақсы түсінетін, желі құрылымдары мен мүмкіндіктерін еркін меңгерген адамдар үшін оңай дүние.

5. Бұл коммерциялық емес ұйымдар, компаниялар және басқа да белсенді тұлғалар үшін жақсы құрал. Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін жаңа технологияларды пайдалану оларға тек тиімді ресурстарды ғана емес, сондай-ақ оларды қолдайтын мүдделі адамдармен байланысқа шығуға мүмкіндік береді.

6. Виртуалды еріктілер қызметінің спектрі келесідей:

* тегін кеңестер,

* құжаттарды аудару,

* заттарды іздеу,

* баспасөз хабарламалары мен материалдарын түзету және жазу,

* кәсіби топтар мен өзара көмек топтарын құру,

* онлайн-науқандарды үйлестіру,

* веб-беттерді әзірлеу,

* онлайн-курстар өткізу,

* ақпараттық графика жасау және т.б.

Виртуалды волонтерлік елімізде енді ғана таралып келеді. Карантиннің жариялануымен бұл бағыт жаңа серпін алғандай. Дегенмен, дұрыс жолда жұмыс жасау үшін ресейлік әріптестеріміздің тәжірибесіне көз жүгіртелік:

Todogood

Бүгінгі таңда ең танымал ресейлік интеллектуалды еріктілер платформаларының бірі. 2016 жылы The Boston Consulting Group халықаралық консалтинг компаниясы қызметкерлерінің бастамасымен құрылған.

Платформамен 50 КЕҰ және 600 еріктілер жұмыс істейді. Бұл маркетинг, SMM, стратегия, HR, IT, юриспруденция сияқты КЕҰ міндеттерін шешу үшін жұмыс жасайтын 3 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіпқойлар.

ProCharity

Платформа 2017 жылдың желтоқсан айында іске қосылды. Жобаны Mastercard-пен әріптестікте «Достар» Қоры құрған. Интеллектуалды волонтерліктің келесі бағыттары ұсынылды: «Дизайн және беттеу», «Маркетинг және коммуникация», «Аударымдар»,  «Веб-әзірлеу және мобильді әзірлеу», «Мәтінмен жұмыс» және «Заң қызметтері». Еріктілер қатарында (қазіргі саны 170-ке жуық) - жоғары оқу орындарының түлектері, ірі корпорациялардың қызметкерлері мен жетекшілері.

IT-волонтер

Ақпараттық технологиялар саласында білім мен дағды алмасуға арналған онлайн-платформа. «Теплицы социальных технологий» жобасы аясында 2014 жылы құрылды.

Платформада жаңа бастаушы бағдарламашылар, seo немесе smm-маман үшін мұғалімдер табуға болады, сайты басынан соңына дейін жасайтын мамандарды табуға болады. Волонтерлер (3000-нан астам адам) - бұл студенттер, жас мамандар және ұзақ мерзімді ынтымақтастық нұсқаларын іздейтін өз салаларындағы сарапшылар. Бұл платформада қойылған тапсырманы орындауға өз күшін сезінетін кез келген адам ерікті бола алады.

Сондай-ақ, осыдан бұрын біз волонтерлікпен қашықтықта айналысуға, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға, көптеген әлеуметтік жобалар туралы ақпарат алуға және оларға қатысуға көмек беретін ақпаратпен бөліскен болатынбыз. Оны осы сілтемеге өту арқылы оқи аласыз - http://www.sk-trust.kz/kz/useful/poleznie_onlainresursi_dlya_volonterov

Әлемді жақсылық арқылы ғажап етейік.