К 30-летию Независимости Казахстана | 03 маусым 17:41

CRRC жаңа жүрдек пойызын таныстырды

Қытайлық CRRC компаниясы Чунциндегі Бишан-Тунлян желісі үшін жаңа жүрдек пойызын таныстырды, бұл елдегі теміржол технологиясы мен инфрақұрылымының дамуындағы тағы бір үлкен қадам болып отыр.

Сыйымдылығы 420 адам болатын бұл пойыз төрт вагоннан тұрады және максималды жылдамдығы 160 км/сағ жетуге қабілетті, жұмыс жылдамдығы 120 км/сағ.

TX Logistik жаңа интермодальды сервисті іске қосады

Ол магнитті тартқыш қозғалтқыштармен жабдықталған, бұл еңіс жерде еш қиналмай жоғары көтерілуге мүмкіндік береді, яғни Чунцин орналасқан таулы жер үшін тиімді.

Жаңа пойыздың ерекшелігі оның автоматты режимде, яғни машинистсіз жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады және жоба инновациялық сипатқа ие.

Пойыздың корпусы алюминий қорытпасынан жасалған, бұл оны жеңіл және берік етеді.

Чунцин бұған дейін өзін Қытайдың теміржол инновациясының орталығына айналғанын танытып қойған.

2021 жылы мұнда ұзындығы 15,4 км болатын әлемдегі алғашқы машиниссіз басқарылатын монорельстік желі іске қосылған болатын.

Бұл желіде қытайлық BYD компаниясы әзірлеген екі вагонды SkyShuttle пойыздары 80 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Бұл жоба жоғары технологиялық мүмкіндіктерді көрсеткен, қалалық инфрақұрылымды дамытудағы маңызды қадам болды.

2024 жылдың қаңтарында Чжэнчжоу-Чунцин желісінде бірінші жүрдек пойызының CRH380BL жүк тасымалдау қызметінің іске қосылуы сияқты соңғы оқиғалар да Чунциннің маңызды көлік торабына айналғанын көрсетті.

Бұрын бұл пойыздар тек жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылып келсе, бүгінде жүрдек пойыздардың функционалдық мүмкіндіктерінің кеңейіп жатқанын көреміз.

Бишан-Тунлян пойыз жобасы Қытайдың заманауи және жоғары тиімді көлік жүйелерін дамытуға деген ұмтылысын одан әрі қуаттай түседі.