Ол қондырғыларды пайдалану, жөндеу, күтіп ұстау, жаңғырту секілді күнделікті жұмысынан тыс, Дарын спортпен тұрақты түрде айналысады. Күрес, қойын-қолтық ұрыс, жауынгерлік самбо, джиу-джитсу, кроссфит секілді спорт түрлерінен көптеген мәрте жүлдегер атанған.
«Кроссфитпен айналысып жатқаныма бір жыл болды. Бұл негізі спорттың жаңа түрі, 2000 жылдары Америкада пайда болған. Қазақстанға келгелі де көп болған жоқ, сондықтан жұрт бұл спорт жайлы біле бермейді. Мен кроссфитті дамытып, елге танымал спорт түрлерінің бірі етуге атсалысқым келеді», — дейді Дарын.
Посмотреть эту публикацию в InstagramКөбірек адам тарту үшін Дарын жуырда Daryn Qural YouTube-арнасын жүргізе бастады. Кроссфит үйрететін, мотивация беретін видеоларын сонда жүктеп жүр.
Соңғы кездегі басты жетістігі ретінде Дарын «Көк Ту» патриоттық байқауындағы жеңісін айтады. Бүкіл Қазақстаннан жиналған 30-дан астам қатысушының арасында бірінші орынға ие болды.
(Материал "Қазақтелеком" АҚ facebook парақшасынан алынды)