К 30-летию Независимости Казахстана | 21 маусым 08:15

Дәріс тақырыбы: екпе алудың маңызы

«CASPI BITUM» БК» ЖШС-да коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың маңыздылығы туралы дәріс өтті, деп хабарлайды SKnews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының бастамасымен жұмыскерлерге дәріс өткізілді. «Sofie MedGroup» көпсалалы клиникасының дәрігерлері эпидемиолог-дәрігер Кайрат Орнекешов пен жалпы практика дәрігері Асем Сұлтанбекова бүгінгі таңда Ақтау тұрғындарына вакцинаның қандай түрлері қолжетімді екенін, вакцинацияның қалай жүргізілетінін түсіндіріп, жұмыскерлердің сұрақтарына жауап берді.

 

Компания жұмыскерлердің эпидемияға қарсы талаптарды сақтай отырып дәріске қатысуын ұйымдастырды, залда отыру шарттары ескерілді. Дәріске қатысуға ниет білдіргендердің барлығы алдын ала ПТР-талдау тапсырды.