К 30-летию Независимости Казахстана | 19 қазан 09:22

Denis Ten Memorial Challenge билеттері сатылымға шықты

Жарысты Денис Тен атындағы қор ұйымдастырып отыр.

Мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge 2021 халықаралық турнирінің билеттері сатылымға шықты, деп хабарлады Информбюро порталы.

Қазақстан кезеңі 2021 жылдың 28-31 қазаны аралығында Нұр-Сұлтандағы "Барыс Арена" стадионында өтеді. Жарысты Денис Тен атындағы қор ұйымдастырып отыр.

Билеттерді "Барыс" хоккей командасының сайтында сатып алуға болады. Билет құны:

28-30 қазан аралығында – қай сектор екеніне байланысты 1 000-2 000 тг; 31 қазанда – қай сектор екеніне байланысты 1 500-3 000 теңге.

Билеттер күні бойы көрсетілетін барлық бағдарлама үшін жарамды. Турнир кестесі:

28 қазан:

14.30-16.10 – жұппен сырғанау, қысқа бағдарлама; 16.25-19.20 – әйелдер, қысқа бағдарлама; 19.35-21.40 – ерлер, қысқа бағдарлама.

29 қазан:

10.30-11.25 – мұз айдынында билеу (юниорлар), ырғақты би; 11.40-14.25 – қыздар (юниорлар), қысқа бағдарлама; 14.40-16.30 – жұппен сырғанау, еркін бағдарлама; 16.45-18.55 – мұз айдынында билеу, еркін бағдарлама; 19.10-22.30 – әйелдер, еркін бағдарлама.

30 қазан:

14.00-15.25 – жасөспірімдер (юниорлар), қысқа бағдарлама; 15.40-16.45 – мұз айдынында билеу (юниорлар), ырғақты би; 17.00-19.20 – ерлер, еркін бағдарлама; 19.35-22.00 – мұз айдынында билеу, еркін бағдарлама.

31 қазан:

11.00-12.35 – жасөспірімдер (юниорлар), еркін бағдарлама; 12.50-15.50 – қыздар (юниорлар), еркін бағдарлама; 18.00 – жарыс жүлдегерлерінің гала-көрсетілімі.

Биыл турнирге 20 мемлекеттен 100 спортшы қатысады. Олардың ішінде 2021 жылғы әлем чемпионаты мен Пекинде өткен 2022 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері бар.