Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.
«Биыл пойыз 1 сәуірден бастап жүретін болады. Тиісті келісім бар, бюджет құйылған. Қазір пойыздың жүру кестесі әзірленіп жатыр», - деді министр.
Ведомство басшысының сөзінше, барлық жұмыс жоспар бойынша жасалады.
Министр "Денсаулық" медициналық пойызының жүру уақытын сұраған тілшілерге ұсынысты назарға алатындығын айтты.
«Пойыз жыл 12 айдың 8-інде жұмыс істейді. Бұл ұсынысты ескереміз», - деп жалғастырды Ақмарал Әлназарова.