Теміржол көлігінің дамуы локомотив бригадаларының жұмысын жеңілдетіп, тасымалдау процесінің технологиясын жақсартқаны және де қоршаған ортаға әсердің азайғаны атап өтілді.
Қонақ дәрісіне Екібастұз локомотив пайдалану депосының бастығы Әмір Тақышев, оның өндіріс жөніндегі орынбасары Болат Сарыбай және тәжірибелі локомотив машинистері: Мұрат Бекенов, Қанат Раскұлов, Олег Фролов, Айдар Арғынов шақырылды. Спикерлер өздерінің құнды білімдері мен бірегей тәжірибелерімен бөлісті.