Әнуар Ахметжанов дөңестік орталықтандыру бекетінің, станциялық технологиялық орталықтың, тауарлық кассаның, бағыттамалар мен белгі беруші электрлік орталықтандыру бекетінің жұмыс технологиясымен танысты. Содан кейін вагондарды техникалық тексеру пунктінің өндірістік цехтарын аралап, жылжымалы құрамды деполық жөндеу процесімен танысты.
Локомотив депосында пойыздардың тартымына жұмсалатын отын-энергетикалық ресурстардың нақты есебін жүргізуге мүмкіндік беретін «Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесі көрсетілді. Депода 650-ден астам машинист пен машинист көмекшілері жұмыс істейді. Олар төрт бағыт: Нұр-Сұлтан – Есіл, Нұр-Сұлтан – Көкшетау, Нұр-Сұлтан – Екібастұз, Нұр-Сұлтан – Қарағанды бойынша жүктер мен жолаушыларды жеткізеді.