К 30-летию Независимости Казахстана | 17 мамыр 10:00

Депутаттар мұнайшылармен кездесті

Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының еңбек ұжымымен кездесті.

Мәжілісмен алдағы референдумның елдің одан әрі дамуы үшін маңыздылығын және оған енгізілетін Конституциялық түзетулердің прогрессивтілігін түсіндірді. Атап айтқанда, Еділ Жаңбыршин Қазақстан Республикасының Конституциясына қандай түзетулер референдумға шығарылатынына егжей-тегжейлі тоқталды, Парламенттің рөлі мен мәртебесі туралы айтты. Депутат маңғыстаулықтарды референдумға белсенді қатысуға шақырып, алдағы оқиғаның бүкіл елдің болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.

Мұнайшылар депутатпен кездесуге белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Осы мазмұндағы кездесу өткен демалыс күндері Қаламқас кен орнында өтті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұсабаев референдум жайында мұнайшыларға толық түсініктеме берді.

Республикалық референдум 2022 жылдың 5 маусымында өтеді.