«Babite» латвиялық рододендрондар паркінің таңғажайып әдемі табиғаты аясында Қазақстан Республикасының Латвиядағы елшілігінің өкілі Айнұр Ахметова мен парк басшылығының қатысуымен «Dimash Latvia Dears» фан-клубының кездесуі өтті.
Кездесу осы жылы атап өтілетін екі ел арасындағы достықтың 30 жылдығына арналды.
Гүлденген рододендрондардың ортасында көптен күткен «Dimash Qudaibergen», «Miuaniz» және «Qazaqstan» сұрыптарының Британдық халықаралық тіркелімінің сертификаттары табыс етілді. Осы ерекше сорттардың пайда болу тарихы туралы аудио нұсқаулық пен гид-планшет ашылды.
Сондай-ақ, осы мерейтойлық жылы жеделдетілген әдіспен алынған «Dimash Qudaibergen» сортты рододендронның алғашқы сегіз эксклюзивті көшеттерінің тұсаукесері өтті. Екі көшет Латвияда қалады, үшеуі әртістің өзіне және үшеуі Қазақстан астанасының Ботаникалық бағына, Нұр-Сұлтан қаласына сыйға тартылады.